Люк Каннингем Уилсон (, 21 қыркүйек, 1971) —— америкалық актер, Оуэн Уилсон мен Эндрю Уилсонның кіші бауыры. «Бриллиантовый полицейский», «Алекс и Эмма» және Риз Уизерспунмен түскен «Блондинка в законе» фильмдерінің арқасында танымал атанған.

Өмірбаяны Люк Уилсон 1971 жылы Далласта туған. Отбасындағы ең кіші бала. Ағаларымен бірге өзін актерлық карьерада сынап көруді жөн көреді. 1994 жылы «Бутылочная ракета» фильмінде түседі. 1999 жылы «Бриллиантовый полицейский» фильмінде Карлсонның рөліне ие болады. 2001 жылы «Блондинка в законе» комедиясында Эммет Ричмондтың рөлімен танымал атанады. Кейін «Семейка Тененбаум», «Старая закалка», «Алекс и Эмма» фильмдерінде түсе бастайды. 2002-2005 жылдар аралығында «Шоу 70−х» телесериалында рөлді иеленеді. 2007 жылы «Вакансия на жертву» триллерінде түседі. Люк Уилсон Frat Pack- күлкілі актерлер группасының мүшесі болып саналады. Оған Оуэн Уилсон, Бен Стиллер, Джек Блэк, Винс Вон және Уилл Феррелл актерлері де кіреді.

Сыртқы сілтемелер