Уэнди Мэлик (, 13 желтоқсан 1950) — америкалық актриса және бұрынғы модель. «Эмми» және «Алтын глобус» жүлдесінің номинанты атанған. «Как в кино» (1990—1996), «Журнал мод» (1997—2003) және «Красотки в Кливленде» (2010 — қазіргі кез) сериалдарының арқасында танымал атанған.
Балалық шағы Уэнди Мэлик Нью-Йорктегі Буффало қаласында дүниеге келген. Оның анасы модель, ал әкесі египет тегінен болған. 1972 жылы Огайодағы Уэслиан Университетін бітірген. Карьерасын бастамай тұрып, Венди атын Уэндиге ауыстырады.
Карьерасы Уэнди Мэлик ең бірінші рет Saturday Night Live телебағдарламасында түседі. «Как в кино» сериалында Джудит Таппер Стоунның рөлін ойнап, үлкен табысқа жетеді. Бұл сериалдың 6 маусымында түседі. CableACE Award сыйлығын 4 рет иеленеді. «Полиция Нью-Йорка», «Закон Лос-Анджелеса», «Байки из склепа», «Без ума от тебя», «Сайнфелд», «Сибилл» және «Спасатели Малибу» сериалдарында рөлге ие болады. «Джейк вчера, сегодня, завтра» (2005—2006) фильмінде, «Особенный день» (2006—2007), «Бешеные скачки», «Парк культуры и отдыха», «Шопоголик», «Продавец» және «Элвин и бурундуки 2» комедияларында түсіп, үлкен жетістіктерді бағындырады. Кейін актриса көптеген жобалардан көрінеді.
Жеке өмірі Уэнди Малик 2 рет күйеуге шыққан. 1982-1989 жылдар аралығында Митч Глейзермен некеде болған. Ал 1995 жылдан қазіргі кезге дейін Ричард Эриксонның әйелі болып саналады.
Сыртқы сілтемелер Уэнди Мэлик Уэндидің жеке сайты
Санат:АҚШ модельдері