Қосмұрын – Сарыбұлаққұм құмды алқабының оңтүстік-батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 125 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 14 км-ге созылған, енді жері 5 км. Солтүстік және батыс бөліктерінде таудың түпкі тастары жер бетіне шығып жатыр. Беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Қосқиды, шығысында Тентексор қоныстары, батысында Аққайнар тауы орналасқан. Оңтүстігінен Жабысай өзені ағып өтеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Өсімдігі Қиыршықты бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында шөл және шөлейтті өсімдіктер өседі.
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы таулары