Түнгі студия — қазақстандық танымал кешкілік теле жоба. Бағдарламаның негізгі жүргізушісі — танымал шоумен Нұрлан Қоянбаев.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі шығарылымдары "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасынан берілді, ал 2022 жылдан бастап "Jibek Joly" арнасынан көрсетіліп келеді.

Форматы Бүкіл әлемде кешкілік шоу бағдарламалар үлкен танымалдыққа ие болып, телеарналарда үлкен рейтингтер береді. АҚШ-тың Late Night Show жобасы, Ұлыбританиялық The Graham Norton Show жобасы және Ресейдің Вечерний Ургант жобасы әлем назарын аударған жобалар қатарында. Осы бағдарламалар желісінде бұл бағдарламаның да қазақ телевизия төрінде пайда болуы заңдылық. Бұл жобаның өзге бағдарламалардан ерекшелігі: бағдарламаға келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүріп, белгіленген бір тақырып аясында емес кез келген тақырып бойынша әңгіме өрбиді. Бұл жерде орынды қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар болады. Бағдарлама жүргізуші мен келген қонақты жанды дауыста әр түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ сүйемелдеп отырады.

Сiлтемелер Түнгі Студияда Нұрлан Қоянбаев Qazaqstan (телеарна) Қазақстан телеарнасы сайтындағы "Түнгі студия" шығарылымдары. 2014-2018 жж.

Санат:Қазақстан телеарнасы бағдарламалары