Кальман Миксат (, 1847—1910) — Венгрияның XIX - XX ғасырлардың ең атақты жазушыларының бірі, прозашы, көптеген романдар мен әңгіме, эселердің авторы. Венгр ғылым академиясының құрметті мүшесі (1889).

Будапешт университетінің заң факултьтетінде оқыған. Шығармалары 1881 жылдан жарияланды.

Шығармалары: «Словактар-жерлестер» (1881) «Қайырымды қыпшақтар» (1882) деген әңгімелер жинақтарында ол шаруалардың ауыр тұрмысын суреттеп, оларға жан ашырлық білдіреді. «Өрескел неке» (1900) «Венгриядағы сайлау» (1893-1897) «Бестерцені қоршау» (1896; қазақ тілінде 1975) т.б. романдары мен новеллаларында Миксат қоғамның зорлық-зомбылығын, моральдық құлдырауын, дүниеқорлығын, саясатшылар мен дін қызметкерлерінің жауыздық, екіжүзді әрекеттерін әшкерледі. Оның «Өрескел неке» (1957), «Тақуа Петрдің қолшатыры» (1970) романдары қазақ тілінде жарияланды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Дереккөздер

Санат:Мажарстан жазушылары Санат:Мажарстан саясаткерлері Санат:Мажарстан журналистері