Стефан Стефанович Мокульский (7 тамыз 1896 жыл, Тбилиси - 25 қаңтар 1960 жыл, Мәскеу) — орыс кеңес театр және әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор (1937).
1918 ж. Киев университетінің филология факультетін бітірді. 1916 – 17 ж. лингвистика бойынша алғашқы зерттеулері жарық көрді. 1918 жылдан театр сыны және педагогикалық қызметпен шұғылданды. Негізгі ғылыми еңбектері Ағарту және Қайта өркендеу дәүіріндегі итальян, француз өнері мен әдебиетін зерттеуге арналды. Ленинград университетінде, ГИТИС-те (1943 – 48 ж. институтт директоры, 1952 – 1960 ж. шетел театры кафедрасының меңгерүшісі болды), КСРО ғылым академиясының Өнер тарихы институтында т.б. ғылыми-зерттеу орындарында қызмет етті. 2 томдық «Батыс европалық театр тарихының» (1936 – 1939) авторы. «Театр энциклопедиясының» 1-т бас редакторы болды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:КСРО ғалымдары Санат:КСРО өнертанушылары Санат:КСРО әдебиеттанушылары