Сатладж немесе Сатледж (төменгі ағасында – Панджнад) – Қытай, Үндістан және Пәкістан жеріндегі өзен, Үнді өзенінің ірі саласы. Ұзындығы 1,5 мың км-дей, алабы 395 мың км². Қайлас жотасынан басталып, Гималай мен Пенджаб атырабтарын кесіп өтеді. Қар және жаңбыр (жазғы муссон) суымен қоректенеді. Су шығыны жыл бойына 100 рет өзгеріп отырады. Гималайдан шыға берісте ірі Бхакра-Нангал гидроэнергетика комплексі салынған. Жекеленген учаскелерінде кеме жүзеді. Ірі саласы – Чинаб (оң).Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер Санат:Пәкістан өзендері Санат:Қытай өзендері Санат:Үндістан өзендері