Прокофий Николаевич Сванидзе (08.05. 1914 жылы, Грузия, Цагер ауданы, Цхукушери с.) - атақты темекі өсіруші. Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет (1948, 1951) алған.

Өмірбаяны 1933 жылдан егіс бригадасында (1938-39 жылдары бригадир), Абхаз АКСР-і, Гагра ауданы, «Хейвани» компаниясында темекі бригадасының бригадірі (1945). Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45), Сванидзенің басшылығымен бригада жыл сайын темекіден және басқа да дақылардан жоғары өнім алды. Темекінің Самсун сортының әр гектарынан 1948 ж. - 25,5 ц, 1949 ж. - 29,3 ц, 1950 ж. - 23,5 ц жинады. 3 рет Ленин орденімен және медалдармен марапатталған. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Дереккөздер

Санат:Грузияда туғандар Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Ленин орденінің иегерлері