Шеттентек – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы жерімен ағады.

Бастауы Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі Күнгей жотасының солтүстік беткейінен басталып, Тоқжайлау ауылынан 6,5 км төменде Ортатентек өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 49 км. Су жиналатын алабы 415 км2. Аңғары тар шатқалды, Күнгей жотасы мен Қайқаң таулары арасындағы тауаралық ойпаңға шыға кеңейе түседі. Алабында бұлақ, бастау, тұмалар көп. Негізгі салалары - Айпара, Жіңішке, Қарасай. Мамыр-шілде айларында тасып, қазан айынан бастап сабасына түседі. Суының минералдылығы 50-250 мг/л. Ағыны қатты, суы мол. Көп жылдық орташа су ағымы сағасы тұсында 3,60 м3/с. Суы Тоқжайлау ауылын тұрмыстық-шаруашылық суымен қамтамсыз етуге пайдаланды.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 9 том. Алматы, 2007.

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы