Ширатқыш машина - тоқыма өндірісінде жіпті, кордты, шпагатты, арқанды, т.б. ширату үшін қолданылатын машина. Мұның негізгі жұмыс тетігі - ұршық. Ол айналу арқылы жіпті әрі ширатып, әрі орап отырады. Ширатылған жіптерді дайындайтын машиналардың ішінде иіріп ширататын машиналар тиімдірек. Мұнда 4 операция (иіру, созу, ширату және бобинаға орау) бір мезгілде жүргізіледі. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Ширатқыш машина · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.