Темірлік – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысының Кеген ауданы жерімен ағады.Ұзындығы 57 км, су жинайтын алқабының көлемі 523 км2.

Бастауы Кетпен тауының батыс беткейінен басталып, Темірлік елді мекенінен 15 км төмен Шарын өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аралас қоректенеді. Орташа жылдық ағыны Темірлік ауылының тұсында 1.86м3с.Қазақ совет энциклопедиясы.11 том

Дереккөздер

Санат:Іле су алабы Санат:Кеген ауданы өзендері