Қарашоқы – Қыземшек тауларының солтүстік-шығысындағы тау сілемі.

Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы Күрметі ауылының батысында орналасқан. Ең биік жері 3000 м-ден жоғары. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 5 км.

Жер бедері Тау беткейлері мен өзен арналары қатты тілімденген. Беткейлері жоғары қарай біртіндеп биік шатқалдарға ұласады. Өңірде қар көшкіні, сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары болып тұрады.

Өсімдігі Солтүстік жоғарғы белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай өскен. Өзен арнасының қара, таудың қызғылт топырағында альпілік шалғындар мен әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен тау баурайында тал, терек, қайың, арша, тобылғы, т.б. ағаштар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы таулары Санат:Күнгей Алатау