Жиһангер (әс-Сұлтан әл-Ағзам уә-л-Хақан әл-Мүкаррам, Хушру-и-Гити Панах, Әбілфатх Нұреддин Мұхаммед Жиһангер, Падишаһ-и-Ғази,1569 — 1927 ) — Ұлы Моғолдар патшалығының 4-падишаһы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың шөбересі, I Акбардың үлкен ұлы, Бабырдың шөбересі. Жаһангер әкесі Акбардың билігі кезінде Аллахабадтың әміршісі болды. 1602 жылы әкесінің Декандағы кеңесшісі әрі тарихшысы Абу-л-Фазлды бундела тайпасының көсеміне өлтірткізіп, бүлік шығарды. Жақын досының өліміне, баласының опасыздығына күйінген Акбар ауруға шалдығып, 1605 жылы қайтыс болды. Таққа Жаһангер отырды. Оның билігі кезінде Акбар жариялаған барлық діндердің ынтымағы саясатынан ауытқу орын алып, үнділер мен мұсылмандардың біраз бөлігінің наразылығын туғызды. Жаһангердің үлкен ұлы Хұсрау Пенжабқа қашып барып, көтеріліс ұйымдастырды. Оны сикхтер көсемі қолдап, қаржылай көмек көрсетті. Бірақ Хұсраудың әскері жеңіліп, жақтастары өлім жазасына кесілді, өзінің көзі ойылып алынды. Алайда, орталық үкіметтің билігі әлсіреп, ірі тайпа ақсүйектері күшейе бастады. Мемлекетте жемқорлық дендеді. 1613 жылы Ост-Үндістан компаниясы Жаһангерден Суратта сауда факториясын ашуға рұқсат алды. Жаһангер жаңа жерлер басып алу арқылы билігін нығайтуға ұмтылды. 1614 жылы Меуарды, 1615 — 1620 жылы Пенджабтың Кангр қамалдарын бағындырды. Бірақ 1622 жылы парсылар ұлы моғолдар мемлекетінің сауда керуенінің кілті болып табылатын Кандагар қаласын тартып алды. Жаһангердің соңғы жеңісі 1622 жылы Кашмирдегі шағын князьдік Киштуарды басып алу болды. Өмірінің соңғы жылдарында ол мемлекеттік істерден шеттеп, билік тізгінін әйелі Нур-ЖиҺанға ұстатты. Жаһангер — “Тузик-и-Жаhангири” атты естеліктер кітабының авторы.
Өмірбаяны thumb|left|200px
Жаһангір тұсында орталық өкімет әлсіреді, феодалдардың билігі күшейді. 1613 жылы Ост-Үндістан компаниясына Суратта сауда факториясын ұйымдастыруға рұқсат берді. 1622 жылы парсылар моғолдардың ірі сауда орталығы Қандағар қаласын тартып алды. Жаһангір мемлекеттік іспен аз айналасты, әйелі Нұржаһанның саяси ықпалы күшті болды. Жаһангір "Тузук-и-Жаһангири" атты естеліктер жаздыҚСЭ энциклопедиясы, 1977.
Дереккөздер
Санат:1569 жылы туғандар Санат:1627 жылы қайтыс болғандар Санат:17 ғасырдың басшылары Санат:30 тамызда туғандар Санат:Ұлы Моғолдар падишаһтары Санат:Үнді монархтары Санат:Үндістанда туғандар Санат:Үндістанда қайтыс болғандар