Панас Карпович Саксаганский (27.05.1859, Каменно-Костуватое селосы, – 17.09. 1940, Киев) – украин совет актёрі, режиссер, педагог, КСРО халық әртісі (1936).
Драматург И. К. Карпенко-Карый мен актер Н. К. Садовскийдің інісі. Еңбек жолы Сахналық қызметін 1875 жылы әуесқойлар үйірмесінен, ал 1883 жылы кәсіпқой театрдан бастады. М. П. Старицкий, М. Л. Кропивницкий және Н. К. Садовскийді труппасында қызмет етті. 1890–1909 жылдары театр труппасын басқарды. 1910–15 жылдары гастрольдік сапармен Украина, Ресей қалаларында өнер көрсетті. Ол – 19 ғ-ның 2-жартысы мен 20 ғ-дың басындағы украин театр өнеріндегі сыншыл реализмнің ірі өкілдерінің бірі. Совет дәуірінде (1927–31) Киев, Харьков театрларында ойнады. Пьессалар жазып, спектакльдер қойды. Қазақ совет энцеклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1859 жылы туғандар Санат:1940 жылы қайтыс болғандар Санат:Украина актерлері Санат:КСРО актерлері Санат:Украина режиссёрлері Санат:КСРО режиссёрлері Санат:КСРО халық әртістері