Сексенбаев Ерназар (1917 жылы туған, Қызылорда облысы, Қармақшы ауаны, Чапаев атынд. к-з) – Ұлы Отан соғысының партизаны. 1941 жылдан КОКП мүшесі. 1931–1934 жылдары балалар үйінде тәрбиеленді. Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің жұмысшы факультетін бітіріп (1937), оқу-ағарту саласында қызмет атқарды. 1939 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылды. Фин соғысына қатысты. Саяси жетекші Секксенбаев Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен-ақ неміс-фашистеріне қарсы шайқасты. Сексенбаев Совет Одағының Батыры атағын 2 рет алған ген.-м. А. Ф. Федоровтың партизан құрамасында атқыштар взводының командирі болды. 1961 жылдан Қызылорда обл. Чапаев атынд. к-здың председателі. Қазақстан КП 14-съезінің делегаты. Сексенбаев 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 Еңбек Қызыл Ту ордендермен және медальдармен марапатталған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев