Диркс Мартын Мартынович 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданындағы Березовка селосында туған. Еңбек жолын 1944 жылы тракторшы болудан бастады. Кейін Петропавл ауданындағы «Новая жизнь» ұжымшарының тракторегіс бригадасының бригадирі болды. 1955-1961 жылдары осы аудандағы Киров атындағы ұжымшарды басқарды. 1961 жылдан Бескөл ауданындағы «Тоқшын» кеңшарының директоры, ол 1977 жылдан Петропавл облгаз тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды. 1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Мартын Мартынович Диркске Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Дереккөздер Орысша уикипедия Айбын Энциклопедия
Тағы қараңыз Диркс Мартын Мартынович
Санат:1928 жылы туғандар Санат:Соколов ауданы тұлғалары