Жаманадыр – Ерейментау ауданындағы тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 457 м. Қарабұлақ өзенінің аңғары Жамандырды Байғұлы тауынан бөліп тұрады. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 6-7 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Батыс беткейі тік құламалы, бұлақтар кездеседі, шығыс беткейінің етегінен 1,5-2 км жерде Теңіз көлі жатыр.
Геологиялық құрылымы Девон дәуірінің граниттері мен гранодиориттерінен түзілген.
Өсімдігі Қара-қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты-бозды өсімдіктер өскен. Кей жерлерінде қараған және тобылғы шоқтары кездеседі."Қазақстан табиғаты энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары