Исэ ғибадатханасы - Синтоизмнің басты құдайы. Ол Жапон Император әулетінің тікелей ата-бабасы болып саналатын Аматэрасу омикамиге арналып салынған. Исэ ғибадатханасы Жапонияның Миэ префектурасындағы Исэ қаласында орналасқан. Исэ ғибадатханасында жыл сайын өткізілетін мейрамдардың арасындағы ең маңыздысы - Каннамесай мейрамы.
Наки ғибадатханасының ресми атауы - Котаижингу. Ол Аматерасу омиками құдайына сиынатын орын. Исэ ғибадатханасының иелігінде ұлттық жәдігерлер бар, болжам бойынша, Қасиетті Айна мекені. Императорлық Исэ еибадатханасы ерте Синтоизм сәулетінің үлгісі.
Исэ ғибадатханасының мейрамдары ресми түрде атап өтіледі. Ал жыл сайын өткізілетін салт-жоралғылар Найку мен Гекуде де өтеді. Исэ ғибадатханасының Жоғарғы Абызының рөлін Сайо деген есіммен белгілі Жапон Император әулетінің әйел мүшесі орындайды. Найкудегі алғашқы ғибадатхананы император Темму мен оның жұбайы Жито б.з. 692 жылы салдырған.
Исэ Жингудің ішкі ғибадатханасы Найкудың меншігінде ұлттық мұралар сақталған. Қасиетті Айнаның мекені болған ғибадатхана, даусыз, Синтоизмнің ең қасиетті әрі маңызды орыны. Жапонның ертеректегі үйлері секілді, ғибадатханалар да толығымен ағаштан салынған.Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
Дереккөздер