Қаратастөбе – Қырғыз Алатауының солтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының оңтүстігінде 15 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2336 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км.

Жер бедері Батыс бекейі тік жарқабақты, тар аңғарлармен тілімденген. Қалған бөліктері жонды-қырқалы келген. Таудан Қарақыстақ, Үлкен Қайнар өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Молалы-айранды, шығысында Боқтікен таулары, оңтүстігінде Талдыбұлақ, батысында Ашамайлы асулары орналасқан.

Өсімдігі Таудың қара топырақ жамылғысында бидайық аралас шалғындық, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы таулары