Tata Group - Үнді трансұлттық Конгломераты-компаниясы, штаб-пәтері Мумбайда орналасқан. Нарықтық капиталдандыру және табыс бойынша Үндістанда ірі компаниялардың бірі. Компания байланыс және ақпараттық технологиялар, машина жасау, материалдар өндірісі, қызмет көрсету, энергетика, тұтыну тауарлары мен химиялық саласында жұмыс істейді. Tata Group 80-нен астам елдерінде жұмыс істейді. Оның құрамына сегіз бизнес салаларында 114 компания мен еншілестер кіреді. Tata Group 65,8%-ы қайырымдылық қорларына тиесілі.

Басшылық Топтың аты оның құрылтайшысының, компанияның негізін қалаушы Джамседжи Татаның құрметіне аталған, әрдайым дерлік компанияны басқаруға оның отбасы мүшелері мен ұрпақтары ие болып келеді. Ағымдағы басқарма төрағасы, Раттан Тата, 1991 жылы көшбасшылыққа келді.

Тану

2009 жылғы Reputation Institute жүргізген жылдық зерттеу нәтижесінде Tata Group әлемдегі ең биік беделі бар 11 компаниялар тізіміне кіргізілді.