Коллегиялар - 18 ғасырдағы Ресейдегі мемлекет басқарудың жеке салаларын қамтитын орталық мекемелер. Мемлекет басқару ісін бір орталыққа бағындыру және ведомстволардың міндеттерін айқындау мақсатымен Петр I үкіметі енгізген. 1717 - 21 жылы 12 коллегиялардың штаттары белгіленіп, президенттері тағайыналады. (Сыртқы істер коллегиясы, Әскери коллегия, Адмиралтейство коллегиясы т.б.). Коллегиялар император мен Сенатқа бағынды. Кейбір коллегиялардың жергілікті мекемелері де болды. 1722 - 27 және 1764 - 86 жылдары Украинаны басқаратын Малороссия коллегиясы жұмыс істеді. 1726 жылы Экономика коллегиясы, 1725 жылы Юстиция коллегиясы. Лифляндия, Эстляндия, Финляндия істері жөніндегі т.б. колегиялар құрылды. Петр I-нің мұрагерлері тұсында кейбір коллегиялар таратылды. 1763 жылы Медицина коллегиясы құрылды. 18 ғасырдың 70 - 80 жылдарында губериялық реформалар жүргізілуіне байланысты тағы брнеше коллегиялар эойылды. Кейбір коллегиялар 19 ғасырдың басында министрліктер ұйымдасқанға дейін өмір сүрді. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 496 бет
Санат:XVIII ғасырдағы Ресей Санат:Мекемелер