Игнасио Абате (; 12 қараша 1986https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/16631, Сант-Агата-де-Готи, Италия) — италиялық футболшы, қорғаушы. 2012 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

Карьерасы Футболшы Беньямино Абатенің ұлы.

"Милан" футбол клубының түлегі. 2004 жылдан бері осы клубтың мүшесі. 2004-2007 жылдары "Наполи", "Сампдория", "Пьяченца", "Модена" клубтарына жалға берілді. 2007 жылы "Эмполиге" ауысты да, бір маусымнан соң қайтадан "Миланға" оралды.

Италияның бірнеше жастағы және Олимпиадалық құрамасында ойнады.

Ұлттық құрамадағы дебютін 2011 жылы 11 қараша күні сырт алаңда Польшаға қарсы өткізді. 2012 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

«Милан»

Италия чемпионы: 2010/11 Италия суперкубогы (2): 2011, 2016

Италия құрамасы

ЕУРО-2012 күміс жүлдегері Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2013

Қатысқан турнирлері

Пекин-2008 Олимпиадасы Еуропа чемпионаты: 2012 Конфедерациялан кубогы: 2013 Әлем чемпионаты: 2014

Дереккөздер

Санат:Италия футболшылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Пьяченца ФК ойыншылары Санат:Модена ФК ойыншылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары