Себастьян Франсиско де Миранда-и-Родригес (; 28. 3. 1750, Каракас,— 14. 7. 1816, Кадис) — венесуэла патриоты, Америкадағы испан отарының тәуелсіздігі жолындағы күрес басшыларының бірі. Испан өкіметінің қуғынына ұшырап, 1783 жылы Солтүстік Америкаға қашып барды. 1810 жылы Венесуэлаға оралып, азаттық күресін басқарды. 1812 жылы Венесуэла конгресі оны Венесуэла республикасының генералиссимусы етіп тағайындады. Сол жылы июльде республика армиясы жеңіліске ұшырады. Франсиско испан өкіметінің қолына түсіп, Испанияға жер аударылды да, сонда өлді.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер
Санат:Венесуэла президенттері