Фёдор Александрович Васильев - орыстың табиғат суретшісі.

Ол аз өмір сүрсе де да ұлттық сурет өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан бірнеше суреттер салды. Санкт-Петербургтегі Сурет мектебі мен Көркемсурет Академиясында оқыды. Оның табиғат көрінісін бейнелеудегі шеберлігін ұштай түскен И.И.Шишкин болды. 1869 ж. Еңбектері Фёдор салған "Нөсер алдында" деген сурет орыс кескіндемесінің реалистік бағыттағы шығармасы. Мұнда табиғаттың жан толқытар әсем көрінісі мен үрейлі қалпы асқан шеберлікпен дәл бейнеленді. 1871 жыладғы "Жылымық" атты сурет оның есімін көпке әйгілі етті. Фёдор өкпе ауруына шалдығып, Ялтаға көшеді. Осында жүріп "Дымқыл шабындық " (1872), "Иесіз диірмен" (1872-73) және соңғы шығармасы "Қырым тауларында" (1873) суреттерін салды. Белгілі табиғат суретшісі И.Н. Крамской Фёдор щығармасын ерекше бағалады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том

Дереккөздер

Санат:Ресей тарихы