Логан Филлип Хендерсон (; 14 қыркүйек, 1989; Норт Ричлэнд Хиллз, Техас) — американдық композитор, әнші, актёр және продюсер.
Логан ән айтуды жақсы көрді, бірақ өзін әнші деп санамаған. «Табысқа алға» сериалындағы Логан Митчеллдің рөлімен танымал. «Биг Тайм Раш» тобының бұрынғы мүшесі.
Өмірбаяны Хендерсон Норт Ричлэнд Хиллз қаласында дүниеге келді. Логанның өзінен кіші 11 жасар Пресли деген қарындасы бар. 18 жасында Калифорния штатына көшер алдында, «Жұманың түнгі шамдары» сериалында шағын рөлі болған.
Мансабы Логанды танымал қылған рөл – Логан Митчеллдің «Табысқа алға» сериалындағы рөлі. 2009 жылы Логан «Sony Music Entertainment» және «Columbia Records» компанияларымен шартқа тұрды. «Big Time Rush», «The City Is Ours», «Halfway There» және «Til I Forget About You» деген танымал синглдар жазып, 2010 жылдың 11 қазанында «BTR» үнтаспасын шығарды.
Big Time Rush 2011 жылы 21 қарашасында «Elevate» атты үнтаспасын шығарды. Логан Николас Ферлонгпен бірге «Time of Our Life», «Music Sounds Better With U», «Love Me Love Me» және «SuperStar» өлеңдерін жазған.
Фильмографиясы ЖылыҚазақша атуыШынайы атауыРөлі2008Жұманың түнгі шамдарыFriday Nights Lightsжасөспірім2009-2013Табысқа алғаBig Time RushЛоган Митчелл2012Биг Тайм ФильмBig Time MovieЛоган Митчелл2013Мадагаскардан шыққан ПингвиндерThe Penguins of Madagascarтыңдалым2013Марвин МарвинMarvin MarvinЛоган Митчелл2013Екі патшаPair of KingsМайк2015Ұлы көшіп-қонуThe Great Migrationтыңдалым
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:АҚШ сазгерлері Санат:АҚШ продюсерлері