Шүкір Бұрханов (15 қыркүйек 1910 — 15 тамыз 1987) — өзбек совет театр және кино актері, КСРО халық әртісі (1959)Театральная энциклопедия. Гл. ред. С. С. Мокульский. Т. 1 — М.: Советская энциклопедия, 1961, 1214 стб. с илл., 12 л. илл..
1943 жылдан КОКП мүшесі. 1928 ж. Хамза атындағы драма театрына қабылданды. Шүкір - нәзік, психологялық күрделі тұлғалардан бастап өткір сатиралық мінез-кейіптерге дейін ойнаған актерлік диапазоны кең сахна суреткері. Театр сахнасында Ғафур, Рахимов, Брут; фильмде Ұлықбек, Жалаңтөс т.б. рөльдерді ойнаған. Н.Ф.Погодиннің "Кремль куранттарынан" В.И.Лениннің сахналық тұлғасын жасаған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том
Дереккөздер
Санат:КСРО халық әртістері Санат:Ташкентте туғандар