Кола Ди Риенцо (; шын аты-Никола ди Лоренцо Габрини (), 1313 — 8 қазан 1354)- итальян саяси қайраткері.

Өмірбаяны 1347 жылы мамырда Римде республика орнатылған соң, Кола Ди Риенцо халық трибуны болып жарияланды. Бірақ сол жылдын желтоқсанда оған наразы алпауыт феодалдар оны шетелге қашуға мәжбүр етті. 1350 жылы Прагада тұтқынға алынды. 1352 жылы 25 ақпанда шіркеуден аласталды. Оны өз мақсатына пайдаланбақ болған жаңа папа Иннокентий VI-ның көмегімен ол 1354 жылдың тамызында Римге қайта оралды. Ол Рим алпауыттарымен күресті қайта бастады, бұл үшін халықтан алынатын салықты өсірді, билеудін тирандық әдістерін қолданды. Бұл әрекеттері 1354 жылы 8 қазанда көтеріліс туғызды. Осы көтеріліс кезінде өлтірілді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:1313 жылы туғандар Санат:1354 жылы қайтыс болғандар Санат:Италия саясаткерлері