Марат Алдоңғарұлы Сәрсембаев — 1947 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысы Андреевка (қазіргі Алакөл) ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолы 1969 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институты, мамандығы бойынша «ағылшын тілі мұғалім». 1973 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы бойынша «құқықтанушы». Профессор, заң ғылымдарының докторы. 1969 - 1969 жылдары Алматы облысы Алакөл аудандық ХББ Ленин атындағы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі; 1969 - 1970 жылдары Кеңестік әскер қатарындағы қызмет, Мурманск облысы Североморск қаласы; 1971 - 1971 жылдары Алматы облысы Текелі қалалық ХББ, № 6 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі; 1971 - 1973 жылдары Көкшетау облыстық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі; 1973 - 2000 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ ассистенті, аға оқытушы, доцент, профессор, заң факультетінің деканы, ҚазМУ халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі; 1998 - 2002 жылдары «Дәнекер» халықаралық құқық Институтының ректоры; 2002 - 2005 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң институтының (факультетінің) директоры (деканы); 2005 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының хатшысы. 2010 жылғы 14 сәуір күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды.

Дереккөздер

Санат:Орталық сайлау комиссия мүшелері