Қарабұтақ – Өлкейек алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км.
Бастауы Бастауын иен даладағы бұлақтардан алып, Өлкейек өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Арнасы жоғарғы және төмен ағысында сайлы-жыралы, орта бөлігінде жазық келеді. Қар және жер асты суларымен толығады. Жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қарабұтақтың жалпы ұзындығы 65 км болатын 20-дан астам шағын салалары (жылғалары) бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Өлкейек су алабы Санат:Әйтеке би ауданы өзендері