Қарақшы – Ақшатау жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Жүрекадыр ауылының батысында 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1151 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр, енді жері 8-9 км шамасында.

Жер бедері Солтүстік, солтүстік-батыс беткейлері тіктеу, жартасты, оңтүстікке қарай күрт төмендейді. Ендік бағытта созылған көптеген ұсақ шоқылардан тұрады.

Геологиялық құрылымы Палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, эффузивті жыныстарынан құралған. Солтүстігінен Әлпейіс, оңтүстігінен Балқыбек өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар мен қайың, көк терек, тал өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары