Кималь Карычев (1933 ж. т., Отырар ауд.) – ғалым, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1997). Қазақ ауыл шаруашылық институтының аспирантурасын бітірген (1962). 1957 – 1968 жылдары Алматы облысында агроном болып қызмет істеген. 1968 жылдан Қазақ ауыл шаруашылық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, Алматы ғылыми өндірістік оқу орнының директоры. 2 ғылым кандидатын дайындаған. 180 ғылыми мақаласы, 2 монографиясы жарияланған. Оңтүстік Қазақстан облысының Энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:1933 жылы туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ғалымдары