Арқалық – Қу тауының оңтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік-шығысында. Ең биік жері 1064 м. Ащышиөзек өзенін бойлай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр. Енді жері 2-2,5 км-ге жетеді.

Жер бедері Тауаралық аңғарлармен және жыра-сайлармен бөлінген жеке шоқылардан тұрады. Таудан көптеген бұлақтар бастау алады.

Геологиялық құрылымы Делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Аласатаулық қоңыр топырағында тобылғы,қараған, сұлыбас, бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге өседі. Тау етегі қыста мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8Қазақ энциклопедиясы I том

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары