Кінәз Георгий Евгеньевич Львов (2 қараша 1961, Дрезден — 7 наурыз 1925, Париж) — орыс мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін құрылған Ресей республикасының Уакытша үкіметінің министр-төрағасы. Саяси жолы 1888 жылдан Тула земствосының мүшесі. 1902 - 1905 жылдары Тула уездік земство басқармасының төрағасы. 1-Мемлекеттік думаның депутаты, Кадет партиясының мүшесі. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Земство одағының төрағасы және Буржуазия-помещиктік земство мен қалалар одағы басшыларының бірі. 1917 жылы буржуазия Уақытша үкіметті басқарған кезде халыққа жат империалистік саясат жүргізді, өрістеп келе жатқан социалистік революцияның қас жауы болды, шаруалардың революциялық қозғалысын қарулы күшпен басуды ұсынды. Қазан революциясынан кейін Францияға эмиграцияға кетті. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Саясаткерлер Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1861 жылы туғандар Санат:1925 жылы қайтыс болғандар