«Ойлану экономиясы» принципі - қандайда болмасын танымның шындық өлшемі, ең шағын таным құралдарының көмегімен терең білімге жеткізу жөніндегі субъективті-идеалистік қағида.

Мах («Жұмысты сақтау принципі», 1872) және Авенариус («Филос. барынша аз күш жұмсау принципіне сәйкес дүние туралы ойлау жүйесі ретінде», 1876) еңгізген; қазіргі батыстық философияда таралған. «Ойлану экономиясы» принципін қате принцип ретінде сынау керек, өйткені ғылыми ережелердің шынайылығы олардың қаншалықты ой «үнемдейтінімен» емес, олардың объективті дүниеге сәйкес келуімен анықталады.Қазақ Энциклопедиясы - «Философиялық сөздік»

Дереккөздер