Торғай сүрме кен орны – Астана қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 135 км жерде орналасқан. 1931-1932 жылдары кен орнына барлау жұмыстарын Орталық ғылыми-зерттеу институтының геологиялық барлау партиясы жүргізген. 1933-1955 жылдары «Торғайқұрылыс» сүрме комбинаты зерттеп, 1956 жылы кен орнын уақытша тоқтатты.
Жатыс сипаты Кен аймағында құмтас пен тақтатас, ірі конгломерат, агломерат дамыған. Сүрме кентастануы брекчия белдемінде байқалады. Ондағы кенде жеке линзалар, линза тәрізді кварцті желілері, жалбырлы кентастар дамыған. Кентастардың қалыңдығы 0,2-7,4 м. Кентастағы сүрменің үлесі 0,19%-дан 11,2%-ға дейін, ал жалбырлы кентастарда 49,9%-ға дейін жетеді. Кен орны 223 м-ге дейін барланған, оның 134 м-і игерілген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы кен орындары