Дмитрий Сергеевич Рождественский (26 наурыз(7 сәуір) 1876, Петербург — 25 маусым 1940, Ленинград)  совет физигі, Мемлекеттік оптика институтының негіздеушісі және алғашқы басшысы, КСРО ғылым академиясының академигі (1929).

Дмитрий Сергеевич Рождественский Мемлкеттік оптика институтын ұйымдастырушы. Ол 1932 жылға дейін сол институттың директоры және ғылыми жетекшісі болды. Советтік оптикалық өнеркәсіпті ұйымдастыру ісіне белсене араласты. Дмитрий 1909 ж. "ілмектер әдісі" деп аталған аномаль дисперсияға сандық анализ жасаудың жаңа әдісін жасады. Бұл әдіс әр түрлі металл буларындағы аномаль дисперсиянызерттеуге кеңінен қолданылады. Дмитрий атом мпектрілерінің систематикасын жасауға және оның теориясына үлкен үлес қосты. Ол спектрлік дублеттер мен триплеттердің магниттік табиғаты болатындығын алғаш рет болжады. 1939-1940 ж. микроскоп теориясы бойынша да маңызды ғылыми жұмыстар жүргізді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары Санат:КСРО физиктері