Тайлер Блэкберн (; 1986 жылы 12 қазанда Бербанк қаласында Калифорния штатында АҚШ-та туылды) — америкалық әнші және актер.
Балалық шағы Тайлер Блэкберн (ағыл. Tyler Blackburn) 1986 жылы 12 қазанда Бербанк қаласында Калифорния штатында дүниеге келді. Оның үш ағасы мен әпкесі бар. Тайлер валлиялық, чешиялық, шведтік, сондай ақ үнділердің тамырлары бар отбасыдан шыққан.
Мансабы Тайлер Блэкберн — америкалық әнші және актер. Блэкберн алғаш өзінің мансабын 2002 жылы «Nickelodeon Unfabulous» сериалында бастады. Келесі жылы ол мұғалімнің рөлінде қысқаметржеді фильмінде түсті. 2005 жылы «Next of Kin» фильмінің эпизодтық бөлімінде көрініс тапты. Ал 2007 жылы «Cold Case» және Rock-Ville Сalifornia сериалдарында ойнады. 2010 жылы ол «Days of Our Lives» және «Gigantic» сериалдарында және «Peach Plum Pear» атты тәуелсіз фильмінде түсті. 2010 жылдың қазан айында «Pretty Little Liars» сериалының тұрақты Калеб Риверстің рөлін сомдады. Сериалдың үшінші маусымында(2012 жылдың жазы) ол сериалдың тұрақты акетерлер тізіміне енді. 2011 жылы NBC комедиясының актерлік құрамына қосылды. 2013 жылдың мамырында Pretty Little Liars сериалының спин-оффы Ravenswood-тың негізгі актерлер қатар тізіміне кіретіні белгілі болды.
Фильмдер мен сериалдар тізімі ЖылыШын атауы Рөлі2005 жыл UnfabulousНатан2006 жыл The Doers of Coming DeedsСолли Кац2008 жылNext of KinФранцуз студент2009 жыл Cold CaseДжефф Фельдман / Фостер2009 жылRockville CAСпенсер2010 жыл Days of Our LivesИан2010 жыл GiganticЭхо2011 жыл Brave New WorldJohn Litchfield2011 жыл Peach Plum PearДжесси Пратт2011 жыл WendyПит2011 жыл HidingДжесси2011 жыл -Pretty Little LiarsКалеб Риверс2013—-2014RavenswoodКалеб Риверс
Сыртқы сілтемелер