Жан Ренуар (; 15 қыркүйек, 1894, Париж, Франция — 12 ақпан, 1970, Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ) — франциялық кинорежиссёр, сценарийші, кинопродюсер және актер.
Оның «Ұлы иллюзия» (1937) және «Ойын ережелері» (1939) туындыларын сыншылар жиі әлемдік кино тарихындағы ең ұлы фильмдердің қатарына жатқызады. 2002 жылы Британ кино институтының (BFI) Sight & Sound журналы өткізген сауалнамада ол «ең ұлы режиссерлер» тізімінде төртінші орынға ие болды. Өмір жолында көптеген марапаттарға ие болған ол, 1975 жылы кинематографқа қосқан үлесі үшін «Оскар» құрметті сыйлығын алды.
Ренуар — әйгілі кескіндемеші Пьер Огюст Ренуардың ұлы және оператор Клод Ренуардың ағасы. Клодпен бірге ол Үндістанда түсірілген алғашқы түрлі-түсті фильм — «Өзен» (1951) туындысын жарыққа шығарды. Өмір бойы театрды жаны сүйген ол, кейінірек сахналық өнерге ден қойып, «Алтын күйме» (1952) және «Француздық канкан» (1955) туындыларын жасады.
Ренуар «авторлық кино» өкілі ретінде танылған алғашқы режиссерлердің бірі болды. Сыншы Пенелопа Гиллиат оның қолтаңбасының бірегейлігін: «Ренуардың түсірген кадрын мыңдаған шақырымдық таспалардың ішінен де жазбай тануға болады», — деп сипаттаған.
Қызмет жолы Кинодағы қызметін 1924 жылы бастады. "Нана", "Қаншық" атты фильмдері француз қоғамының өмір тұрмысын бейнеледі. Халық майданы қозғалысына ат салысан Жан Француз Компартиясының тапсырмасы бойынша қысқа метражды "Өмір біздікі" фильмін қоюға басшылық етті. "Ұлы иллюзия" фильмінде Халық майданының идеясы өз өрінісін тапты.
Бұдан басқа қойған фильмдері: "Марсельза", "Шыңырау түбінде", "Алтын күйме", Шөп үстіндегі ертеңгі ас т.б. АҚШ-та тұрды. 1952 жылы отанына оралды. 30 жылдардағы шығармашылығы итальян неореализмге әсер етті.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:Құрметті Оскар сыйлығының иегерлері