Фаина Григорьевна Раневская (шын есімі Фанни Ги́ршевна Фе́льдман; 27.08.1896 ж.т., Таганрог, Ростов облысы – 19.07.1984, Мәскеу) - кеңес актрисасы, КСРО халық әртісі (1961)Үлкен Ресей Энциклопедиясы (БРЭ).

Жекe меншікті театр мектебінде оқыған. Сахналық қызметін 1915 ж. бастады. Қырым, Дондағы Ростов және Мәскеу театрларында ойнады. 1949-1955 ж. және 1963 жылдан Моссовет атындағы театрда қызмет етеді. Трагикомедиялық рольдердің үздік шебері.

Ойнаған негізгі рольдері: Шарлотта, Наташа, Саудагер әйел, Васса Железнова. Киноға түскен: Роза Скороход, Маргарита Львовна т.б.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Марапаттары 1937 — РКФСР еңбек сіңірген әртісі 1946 — 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін медалі 1947 — "Еңбек Даңқы" ордені 1947 — РКФСР халық әртісі 1948 — «Мәскеудің 800 жылдығы құрметі» медалі 1949 — Александр Штейннің "Ар заңы" спектакліндегі Лосевтің әйелінің ролін сомдағаны үшін екінші дәрежелі Сталиндік сыйлық 1950, 1967 — Еңбек Қызыл Ту ордені 1951 — Анатолий Суровтың "Мәскеу түбіндегі таң" спектакліндегі Агриппина Солнцева ролін сомдағаны үшін екінші дәрежелі Сталиндік сыйлық 1951 — "Олардың Отаны бар" филіміндегі фрау Вурст ролін сомдағаны үшін үшінші дәрежелі Сталиндік сыйлық 1961 — КСРО халық әртісі 1976 — Ленин ордені Ф.Г.Раневскаяның құрметіне 29.09.1986 жылы Қырым астрофизикалық обсерваториясында астроном Людмила Карачкиан ашқан астеройды (6821) Ranevskaya аталған.

Дереккөздер

Санат:27 тамызда туғандар Санат:1896 жылы туғандар Санат:Таганрогта туғандар Санат:19 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО актрисалары Санат:КСРО халық әртістері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ресейдің еңбек сіңірген әртістері Санат:Ресей халық әртістері Санат:Еңбек Даңқы орденінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері