Кәдімгі пайыз () — Таушымшықтар тұқымдасының көрікті, есте қаларлық кескіні бар, баршаға танымал құс.

Биологиялық сипаттамасы Кәдімгі пайыздың басындағы қара безендіруі, тұмсығының төңірегіндегі қызыл қауырсындар және қанатындағы сары «көзтартары», әсіресе ұшқанда жақсы байқалады. Бұл белгілердің барлығы біздің құстардың ешқайсысына ұқсамайды. Ерекшелігі Кәдімгі пайыздың көңілді, албырт әуенінде жағымсыз сыбдырдан басқа қоңыраудың сыңғыры бар. Бұл әдетте жылдың көп бөлігінде естіліп тұрады. Мұның үстіне аталық көбінесе басқа құстардың әуеніне еліктеп, оны байыта түседі. Мекені Кәдімгі пайыз Қазақстанда тек қана екі жерде: солтүстік Көкшетау көтерілімінің шыршалы-қайыңды ормандарында және солтүстік-шығыста Ертістің оңтүстік жағалауларындағы шыршалы тоғайда ұялайды. Бұл пайыз Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік-шығысында қыс бойы болытын дағдылы құс, ал басқа жерлерде көктемгі және күзгі маусымдық ұшу кезінде кездесуі мүмкінҚұстар. Мектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. ISBN 978-601-282-168-0..

thumb|left|200px| Таралуы Еуропе, Солтүстік Африка, Азия және Батыс Сібірде кең таралған.

Дереккөздер

Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Пайыздар