Александр Андреевич Прокофьев - орыс совет ақыны. Социал Еңбек Ері. 1919 жылдан КПСС мүшесі. Қызмет жолы Азамат соғысына қатысты. Әдеби шығармашылық қызметі 20 жылдардан басталған. "Шаңқай түс", "Қызыл таң көшесі", "Жеңіс" атты алғашқы өлеңдер жинақтарында Ладога қыстағындағы социалистік қайта құрылысты, Азамат соғысы жылдарындағы ерлікті жырласа, "Көпір арқылы өтетін жол", "Тура өлеңдер" т.б. жинақатарында лирика басым. Ұлы Отан соғысы жылдары Александр әскери баспа орындарында белсенді қызмет етті. Ол үгіт-еңбетер, ән өлеңдер, тақпақ, фельтондар жазды. Соғыс жылдарындағы совет поэзиясында Александрдің "Россия" атты поэмасы айрықша орын алды. Александр соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмірді, еңбекті жырлап "Сапарға шақыру", "Теңіз үстіндегі алма ағаш", "Жол үстіндегі өлеңдер", "Күн мен нөсер асытнда" кітаптарын жариялады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары