Айбас — топоним:

Айбас — Атырау облысы, Исатай ауданындағы ауыл. Айбас — Ақмола облысы Жақсы ауданының солтүстігіндегі шоқы. Абсолют биіктігі 392 м. Айбас — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл. Айбас — Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы өзен. Айбас — Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстік-батысынан ағып шығатын Айбас өзенінің бойындағы ортағасырлық бекініс орны.