thumb|290px|Қызыл жүзген бұтасы Қызыл жүзген (Қызыл жүзгін Calligonum aphyllum) - жүзген туысына жататын бұта. Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 1-2 м, қабығы қызыл не күрең. Жапырағы ұсақ, ұзындығы 1,5-3 мм. Қолтық гүлдері 2-ден гүл сидамына орналасқан. Жемісі - домалақ, ұзындығы 16-20 мм, ені 15-18 мм жаңғақша. Өсу аймағы мен таралуы Қызыл жүзген құм, шағылда өседі. Кавказ, Батыс Сібірде, Орта Азияда, Қазақстанда Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысында, Ақтөбе облысында, Қызылорда облысында, Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұмда, Зайсан алқабында кездеседі.

Маңызы Қызыл жүзген құм бекітеді, бір жылдық жас бұтақтарын қой, түйе жейді. Ара гүлінен бал жинайды, илік заттар алынады, отын ретінде пайдаланылады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Таран тұқымдасы