Жантасов Амангелді Теміржанұлы (1955 жылы туған, Көкшетау қаласы) – әскери қайраткер, запастағы полковник. 1975 жылы Новосібір әскери-саяси Жоғарғы уч-щесіне оқуға түскен. 1979 жылы Кеңес Армиясы қатарында, Ауғанстан жерінде арнайы барлау басқармасында рота командирінің орынбасары (1981 – 83), Одесса әскери округіндегі десант бөлімінде әскери қызметін өтеді (1983 – 89), ҚР әскери комиссариатында (1990 – 97), 1997 жылдан 78-танк дивизиясы командирінің орынбасары болып тағайындалды. ҚР Шығыс әскери округі командирінің орынбасары, 1-армиялық корпус командирінің орынбасары. «Қызыл Жұлдыз» ордені, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Ғылым