Малколм Скотт Карпентер (;1925 жыл 1 мамыр, Боулдер (Колорадо) - 2013 жыл 10 қазан, Денвер, Колорадо) - АҚШ-тың ғарышкері және теңіз зерттеушісі. Әскери теңіз флотының 3-рангалы капитаны. Өмірі 1954 жылы сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірген соң авиация сынау орталығының электрондық жүйе бөлімшесінде қызмет етті. 1959 жылы АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының ғарышкерлер тобына алынды. 1962 жылы 24 мамырда «Меркурий» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Ғарышкерлер Санат:Әскерилер Санат:1925 жылы туғандар Санат:2013 жылы қайтыс болғандар