Үлкенкөл, Үлкен бөрілі — Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы жерінде орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 14,5 км2, ұзындығы 6,3 км, енді жері 3,3 км. Жаға сызығы 17,4 км. Орташа тереңдігі 1,4 м.

Жағалау сипаты Көл жағалауында түйетайлы, далалық және шалғын шөп өседі. Көл түбі құмайтты-лайлы. Жағасының батыс бөлігі жарлауытты. Солтүстік, оңтүстік жағалауында құрақ қамыс өседі. Суының минералдылығы жоғары, тек мал суаруға жарайды. Жағалауында Бөрілі ауылы орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Қарабалық ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы