Харки Юсупович Сулейманов (1895 жыл 2 сәуір, Алматы - 1937 жыл) - Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатып, нығайтуға және социалистік құрылыс ісіне белсене қатысушы. 1918 жылдан Коммунистік Партия мүшесі, ұлты - дүнген. Өмірі 1918 жылдың ортасында ұлттар істері жөніндегі Жетісу облыстық бөлімінің коллегия мүшесі. 1921 жылы Сүлейманов 15-дүнген атты әскер полкінің соғыс комиссары ретінде Орта Азияда басмашыларға қарсы күреске қатысты. 1922 жылы Алматы уездік, қалалық милициясын басқарды. 1925-1926 жылдары Қосшы одағының, Жетісу губерния комитетінің төрағасы. 1926-1937 жылдары әр түрлі жауапты кеңес және шаруашылық жұмыстарында болды. Ол - Кеңестердің Бүкіл Қазақстандық 6-8 съездерінің делегаты. 8-съезде ҚАКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 443 бет

Дереккөздер

Санат:Әскерилер Санат:Саясаткерлер Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1895 жылы туғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар