Витольд Карлович Цераский (27.04.1849, Слуцк -29.05.1925) - кеңес астрономы.
1889 жылдан Мәскеу университетінің профессоры, ал 1890-1916 жылдары сол университеттің астрономия обсерваториясының директоры.
Фотометриялық бақылаулар тәсілін жетілдірді, кемелдендірілген фотометрді (яғни Целльнер - Церасский фотометрін) жасады, жұлдыздардың жалтырау шамасын анықтау кезінде кететін кейбір қателерді түсіндіріп берді.
Еңбектері мен зерттеулері Церасский 500-ден астам жұлдыздың жалтырауын өлшеді. Күннің жұлдыздық шамасын анықтады (1903). Күн температурасын өлшеу жөнінде тәжірбилер жүргізді. Жарқырауық немесе күміс бұлттар деп аталатын бұлттардың болатындығы ашты (1885). Айнымалы жұлдыздарды зерттеу үшін 1895 жылы Цераскийдің инициативасымен аспанды жүйелі түрде фотоға түсіру жұмысы басталды.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 32 бет
Дереккөздер
Санат:27 сәуірде туғандар Санат:1849 жылы туғандар Санат:Слуцкде туғандар Санат:29 мамырда қайтыс болғандар Санат:1925 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО астрономдары Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің профессорлары