Толағайсор – Жем алабындағы көл.
Географиялық орны Ақтөбе облысының Байғанин және Атырау облысының Жылыой аудандары жерінде, Алашен тауынан батысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 26,7 км2. Ұзындығы 9,3 км, енді жері 4,5 км, жағалау бойының ұзындығы 32,2 км. Су жиналатын алабы 572 км2.
Жағалау сипаты Жағалауы көбіне тік жарлы. Жауын-шашын суымен толығады. Солтүстігінен шағын өзен құяды. Жаздың ыстық айларында көл таязданып, көпшілік жері сорға айналады. Алабы – жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы көлдері Санат:Жылыой ауданы көлдері Санат:Жем су алабы