Қосай Әліқұлұлы Егізбаев (15 желтоқсан 1928, Гродеково ауылы, Гродеков ауылдық округі, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 13 ақпан 1995, Алматы) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Қазақстан КП Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1962–1963).

Өмірбаяны Ташкент темір жол көлігі инженериялық институтын бітірген (1949). Сібір темір жол басқармасында бірнеше жыл (1949-1955) қызмет атқарды. Бұдан кейінгі жылдары ол мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік қызметтердің әр саласындағы жетекшілік қызметтерде болды. Қазақстан КП ОК-нің құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1960-61), Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Гурьев (Атырау) облысы партия комитетеінің 1-ші хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 2-хатшысы (1963-68) қызметтерін атқарды. 1968-1977 ж. Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің төрағасы болды. Қазақстан кәсіподақтарының жетекшісі және Бүкілодақтық кәсіподақтары Кеңесі төралқасының мүшесі болған кезінде Егізбаевтың басшылығымен республикамызда жаңа санаторийлер мен демалыс үйлері, 14 туристік базалар, 12 қонақүй мейрамханаларымен қоса салынды. Алматы 2 стансасында туристік пойыздарды қабылдау орны, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 1977-84 ж. селолық құрылыс минстрінің, 1984-88 ж. республикалық халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. Егізбаев Кеңестер Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Марапаттары Октябрь революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Алматы қаласындағы көшеге оның есімі берілген. "Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданында (Жамбыл облысы) туғандар Санат:Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтының түлектері Санат:Қазақстан КП Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Ұлттар Кеңесінің 8-шақырылым депутаттары Санат:Ұлттар Кеңесінің 9-шақырылым депутаттары Санат:Қазақ КСР атынан сайланған Ұлттар Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары Санат:КОКП XXV съезінің делегаттары